Ғылым

Жоба ЖТН AP26100341 «Ұрықтандырудың заманауи әдістерінің олардың денсаулық жағдайына әсерін кешенді бағалау негізінде қосалқы репродуктивтік технологиялардың көмегімен дүниеге келген балаларды жүргізу алгоритмдерін жетілдіру»

 

Жобаның ғылыми жетекшісі – Манжуова Ляззат Нурбопаевна, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары

 

Өзектілігі

Жалғасып келе жатқан туу кезіндегі аналардың жасын ұлғайту жаһандық үрдісіне, бедеуліктің себептерінің әртараптануы [1] және жалпы фертильділіктің төмендеуіне [2] байланысты, 21 ғасырда қосалқы репродуктивтік технологиялар (ҚРТ) нәтижесінде болатын босанулар саны тұрақты түрде артып келеді. Әдістердің жоғары нәтижелілігі мен қолжетімділігі әлемде 12 миллионнан астам баланың [3], сондай-ақ Қазақстанда 35 000-нан астам баланың дүниеге келуіне алып келді. Бұған мемлекет тарапынан экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) бағдарламаларына квота бөлу арқылы қаржыландырудың да ықпалы зор болды.

Қазіргі кезеңде ҚРТ арқылы дүниеге келген ұрпақтың денсаулық жағдайы ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қолда бар әдебиеттерге сүйенсек, «құтыдағы балалар» (яғни ЭКҰ арқылы туғандар) дамудың көптеген аспектілері бойынша табиғи жолмен жүкті болған жағдайдағы балалардан еш айырмашылығы жоқ және бұрын болжанғандай өмір бойы денсаулық асқынуларына шалдығу қаупінің жоғарылауына тап болмайды [4].

Алайда ЭКҰ-ның қарқынды дамуы әдістердің үнемі жаңарып отыруына және мұздатылған эмбриондарды тасымалдау (frozen embryo transfer — FET) мен интрацитоплазмалық сперматозоид инъекциясы (ИКСИ) сияқты технологиялардың пайда болуына әкелді. ИКСИ мен FET-ке байланысты ҚРТ-ның үлесі жыл сайын бүкіл әлемде артып келеді, бұл заманауи әдістер нәтижесінде қалыптасатын болашақ ұрпақтың денсаулығына ерекше назар аударуды және тереңдетілген зерттеуді қажет етеді.

Бұл зерттеу Қазақстандағы алғашқы жұмыс болмақ және зерттеулер географиясын кеңейту арқылы үлгі көлемін ұлғайтып, әлемдік деректер базасына айтарлықтай үлес қоса алады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, алынған нәтижелер мен мультидисциплиналық тәсілді қолдану осы саладағы білімдегі олқылықтарды толтыруға, оларды жүйелендіруге және осының негізінде аталған балалар мен олардың отбасыларын жоғары сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған прогностикалық модельдер мен жалпы тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

Заманауи ҚРТ әдістерін қолдануды оңтайландыру, олардың ұрпағына күтім жасаудың жекелендірілген тәсілдерін әзірлеу және алдын алу шараларын уақытылы жүргізу денсаулық сақтау жүйесінің емдеу және реабилитацияға кететін шығындарын азайтады.

Зерттеу нәтижелері медициналық мамандарға арналған оқу материалдары ретінде қолдануға болатын әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге негіз болады. Бұдан бөлек, бұл зерттеу репродуктивті денсаулық пен педиатрия салаларындағы зерттеу әлеуетін нығайтуға көмектеседі және болашақта осындай мультидисциплиналық зерттеулерге негіз болуы мүмкін. Сол сияқты, алынған нәтижелер ата-аналарды қолдаудың кешенді жүйесін, оның ішінде ҚРТ қолдануды жоспарлап жүрген отбасыларға арналған ақпараттық материалдарды әзірлеу үшін негіз бола алады.

Мақсаты

Ұрықтандырудың заманауи әдістерінің олардың денсаулық жағдайына әсерін кешенді бағалау негізінде қосалқы репродуктивтік технологиялардың көмегімен дүниеге келген балаларды жүргізу алгоритмдерін жетілдіру

Күтілетін нәтижелер

2025 жыл:

Тіркеу картасы мен ақпараттандырылған келісім әзірленеді. ҒЖБССҚК ұсынған шетелдік немесе отандық рецензияланатын басылымда 1 (бір) ғылыми мақала жарияланады. Халықаралық қатысуымен өтетін ғылыми іс-шарада ауызша баяндама жасалады.

2026 жыл:

ҚРТ бағдарламаларында криоконсервацияланған эмбриондарды қолданудың ұрпақтың антропометриялық көрсеткіштері мен соматикалық статусының қалыптасуына әсері талданады.

Қазіргі ҚРТ әдістері (ИКСИ және FET) арқылы құрсаққа біткен 3 жасқа дейінгі балалардың жүйке жүйесінің жағдайы зерттеледі.

Ерлер бедеулігі факторы бойынша ИКСИ әдісімен дүниеге келген 3 жасқа дейінгі ер балаларда урогенитальды патологияның таралуы мен гормондық профиль зерттеліп, олар классикалық ЭКҰ нәтижесінде туған балалармен салыстырылады.

Әкелердің репродуктивтік денсаулығы мен ИКСИ арқылы дүниеге келген олардың ұлдарының денсаулығы арасындағы байланысты зерттеу жүргізіледі.

Сәтті аяқталған ҚРТ бағдарламалары нәтижесінде дүниеге келген 3 жасқа дейінгі балалардың денсаулық жағдайы, анамнездік мәліметтері, оның ішінде жүктілікке дейін және жүктілік кезінде қолданылған дәрілік препараттар ескеріле отырып бағаланады.

ҒЖБССҚК ұсынған шетелдік немесе отандық рецензияланатын басылымда 1 (бір) ғылыми мақала жарияланады. Халықаралық қатысуымен өтетін ғылыми іс-шарада ауызша баяндама жасалады.

2027 жыл:

Әртүрлі ҚРТ әдістері арқылы дүниеге келген балаларды жүргізу бойынша прогностикалық модель мен алгоритмдер әзірленеді.

Science Citation Index Expanded базасында индекстелетін және Web of Science бойынша 1-квартиль немесе 2-квартильге кіретін, және/немесе Scopus базасында CiteScore перцентилі кемінде 65 болатын рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) ғылыми мақала және (немесе) шолулар жарияланады.

Халықаралық қатысуымен өтетін ғылыми іс-шарада ауызша баяндама жасалады.

Қазіргі ҚРТ әдістері арқылы дүниеге келетін балаларды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, енгізіледі..

Жоба аяқталғаннан кейін 2 (екі) жылдан кешіктірмей 1 (бір) PhD философия докторы дайындалады.

Зерттеу тобының мүшелері және олардың идентификаторлары (Scopus Author id, Researcher ID, ORCID болған жағдайда)

  1. Манжуова Ляззат Нурбапаевна

Scopus ID: 57267923200

Web of Science ResearcherID: FJL-7132-2022; LWP-4238-2024; AHD-4351-2022

https://orcid.org/0000-0001-8775-3985

  1. Локшин Вячеслав Нотанович

Scopus ID: 56357942200

Web of Science ResearcherID: O-8783-2018

  •  
  1. Нургалиева Жанар Женисовна

Scopus ID: 59387000500

Web of Science ResearcherIDKBR-3773-2024

  1. ://orcid.org/0000-0003-0490-8000
  1. Ильмуратова Севара Хабибуллаевна

Scopus ID: 58025123100

Web of Science ResearcherID: AGD-6798-2022; LWL-7033-2024

  •  
  1. Мухамбетова Гульнар Амерзаевна

Scopus ID: 57195916964

Web of Science ResearcherIDFNR-3869-2022

  •  
  1. Бишманов Рустем Какимжанович

Scopus ID: 57216954060

Web of Science ResearcherID: AAK-8450-2021; Q-5300-2017

  •  
  1. Калидинова Айгерим Ерболатовна
  2. Нехорошева Валерия Анатольевна

Scopus ID: 59393415900

Web of Science ResearcherIDLWV-0798-2024

  •  
  1. Абшекенова Айгерим Темирхановна

Scopus ID: 57798585800

Web of Science ResearcherID: CAH-2923-2022; LPI-1710-2024

  •  
  1. Марапов Дамир Ильдарович

Scopus ID: 57204447819

Web of Science ResearcherID: LBH-8819-2024; ACQ-0428-2022

https://orcid.org/0000-0003-2583-0599

  1. Темірбайқызы Л.
  2.  
  3. Рахимберлина Эльмира Аскержановна
  4. Еспенбетова Шолпан Алдабергеновна
  5. Галеева Дания Равильевна
  6.  
  7. Калиева Камиля Марленовна

Жарияланымдар мен патенттер, баяндамалар тізімі

Жарияланымдар:

Ғылыми мақалалар:

  1. Ильмуратова , С., Локшин , В., Манжуова , Л., Нургалиева , Ж., Марапов , Д., Мухамбетова , Г., & Калидинова, А. (2025). Долгосрочные последствия ИКСИ: оценка здоровья детей, зачатых с помощью интрацитоплазматической инъекции сперматозоида (обзор литературы). Репродуктивная медицина (Центральная Азия), (3), 37–44. https://doi.org/10.37800/PJMS.41.8.12282
  2. Ilmuratova, S.; Lokshin, V.; Nurgaliyeva, Z.; Kеmelbekov, K.; Kulniyazova, G.; Abdykalykova, B.; Seisebayeva, R.; Zhubanysheva, K.; Altynbayeva, G.; Mukhambetova, G.; et al. The Role of Perinatal Complications in Neurodevelopmental Outcomes of ART-Conceived Children: Prognostic Model for Brain Immaturity. Biomedicines 2025, 13, 2551. https://doi.org/10.3390/biomedicines13102551

Тезис:

  1. Состояние здоровья детей, зачатых с помощью ВРТ: данные первого центральноазиатского исследования. Ильмуратова С., Локшин В., Нургалиева Ж., Манжуова Л. // XII Еуразиялық балалар докторлары конгресінің «Бала және қоғам: Денсаулық, даму және тамақтану мәселелері» конференциясының материалдары. Ш.И. Наврузова - Бухара: Adabiy buxoro, 2025.- 352 с., ISBN 978-9910-8787-9-4, С. 82

Баяндамалар:

  1. С. Ильмуратова XI SEUD congress 2025 - те «Health status of children conceived via assisted reproductive technologies» постерлік баяндамасымен, 2025 жылғы 24-26 сәуір, Прага, Чехия - Жас ғалымдар санатындағы Үздік постерлік баяндама үшін 1 орын.
  2. С. Ильмуратова International Federation of Fertility Societies (IFFS) 2025 World Congress-те «Conception to Childhood: Unraveling the Immune Story of ART Kids» постерлік баяндамасымен, 2025 жылғы 26-29 сәуір, Токио, Жапония.
  3. С. Ильмуратова «Педиатрия Виртуозы» халықаралық қатысуымен студенттер мен жас ғалымдардың алтыншы Бүкілресейлік педиатриялық форумында Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Сеченов университетінің электрондық медициналық білім беру институтының базасында, 19-23 мамыр 2025 жыл, Мәскеу, Ресей - 3 дәрежелі диплом.
  4. С. Ильмуратова балалар дәрігерлерінің XII Еуразиялық конгресінде «Бала және қоғам: Денсаулық, даму және тамақтану мәселелері» Еуразиялық балалар дәрігерлері федерациясының қолдауымен (бұрынғы. ТМД елдерінің педиатрлар федерациясы) «Дети ЭКО в Центральной Азии: комплексная оценка здоровья детей, зачатых с помощью ВРТ» баяндамасымен 2025 жылғы 17-18 қазанда күндізгі форматта, Бұхара, Өзбекстан;
  5. С. Ильмуратова 2025 жылғы 23-24 қазанда «Педиатрия мен балалар хирургиясының заманауи мәселелері тәжірибе және балалар хирургиясып халықаралық қатысуымен ҒТК-да, Алматы қ., Қазақстан

Әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат

Құрметті ата-аналар!

 

Егер сіздің ұлыңыздың жасы 6 айға толмаған болса және ол ICSI әдісі (ерлер бедеулігі факторы) немесе классикалық IVF көмегімен дүніге келген болса, сізде ҚР БҒМ ғылыми-зерттеу гранты аясында жоғары білікті мамандардан (педиатр, эндокринолог, невропатолог, уролог) толықтай тегін тексеруден өту мүмкіндігі бар.

 

Тексеруге кіреді:

🔹 Антропометриялық зерттеулер:

— дене салмағын, бойын, бас және кеуде шеңберін өлшеу

— психомоторлық дамуды бағалау («R. Griffiths психикалық даму шкаласы» және «Денвер скринингтік тесті»)

🔹 Нейросонография (ми құрылымдарын ультрадыбыстық зерттеу).

Егер бұған дейін НСГ жасалған болса, қабылдауға оның қорытындысын бірге алып келуді сұраймыз.

🔹 Ұл балалардың урологиялық жағдайын тексеру:

— ұма (скротум),

— бүйрек,

— қуықтың ультрадыбыстық зерттеуі

🔹 Гормондық профильді анықтау:

Перифериялық қандағы ингибин В және АМГ деңгейлерін анықтау.

 

Бұл — сирек берілетін бірегей мүмкіндік!

Зерттеу барысында алынған барлық мәліметтер қатаң құпия сақталады.

 

Барлық сұрақтар бойынша және қосымша ақпарат алу үшін келесі мамандарға хабарласа аласыз:

📞 Абшекенова Әйгерім Темірханқызы:+7 707 830 5002

📞 Нұрғалиева Жанар Жеңісқызы:+7 701 409 9602

 

Қабылдауды жүргізетін жоғары білікті мамандар:

 

👩‍⚕️ Нұрғалиева Жанар Жеңісқызы – м.ғ.к., С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың амбулаториялық-емханалық педиатрия кафедрасының профессоры, жоғары санатты педиатр және эндокринолог.

👩‍⚕️ Мұхамбетова Гүлнара Әмірзақызы – м.ғ.к., С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жүйке аурулары кафедрасының профессоры, тәжірибелі невропатолог.

👨‍⚕️ Бишманов Рүстем Кәкімжанұлы – MD, PhD, жоғары санатты балалар хирургі және балалар урологы, 14 жылдан астам тәжірибесі бар, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері.