Вопрос-ответ

  • Созылмалы эндометрит кезінде жүкті болуға болады ма?

    Қайырлы күн! Гинеколог «созылмалы эндометрит» диагнозын қойды. Бұл жүктіліктің туындауына кедергі келтірмей ме?

    Созылмалы эндометрит ұрықтылықтың бұзылуына әкеле бермейді. Бірақ, алдымен мақсатты түрде емдеу курсынан өтіп, қабыну ошақтарынан құтылу керек, содан кейін ғана бала көтеру керек. Сонда сіз жүктілігіңіздің мерзімінен бұрын тоқтамайтынына және сәбиіңіз қалыпты дамуы үшін барлық мүмкіндікке ие болатынына сенімді боласыз.

  • ЭКҰ-ға дайындық уақытында жыныстық қатынасқа түсуге болады ма?

    ЭКҰ-ға дайындық уақытында жыныстық қатынасқа түсуге болады ма?

    Негізінде ол үшін радикалдық қарсы көрсетілім жоқ. Бірақ, дұрысы дайындықтың соңғы кезеңдерінде, пункция жасалғанға дейін 3-4 күн бұрын жыныстық қатынасты тоқтата тұрған дұрыс. Бұл механикалық әсер салдарынан өздігінен болатын овуляция болмауы үшін қажет.

  • Криоконсервация эмбриондарға зиян ба?

    Сәлеметсіз бе! Айтыңызшы, криоконсервация эмбриондардың жағдайына әсер етеді ме?  Криокөшіруден кейін туған балалар туралы не айтуға болады? 

    Криоконсервация процедурасы бірнеше ондаған жылдар бойы табысты жүргізіліп келеді. Осы жылдар ішінде криоконсервацияланған эмбриондар, криоконсервация әдістері, сонымен қатар, криоконсервацияланған эмбриондарды тасымалдаудан кейін туған балалардың денсаулық жағдайы бойынша көптеген деректер жиналған. Бұл деректердің барлығы эмбриондарды тоңазытудың абсолютті қауіпсіздігі мен тиімділігін көрсетеді.

    Әлбетте, криоконсервациялау мен  жібіту кезінде эмбрионның жасушаларының бөлігі немесе эмбрион толықтай өліп қалуы мүмкін, себебі, температуралардың төмендеуінің әсерін барлық жасушалар жақсы өткере алмайды. Бірақ, егер  эмбрион криоконсервацияға төзіп берсе және жасушалардың жартысынан көбісі сақталса, оның әрі қарайғы дамуы мен имплантациясы «жаңа» эмбриондікіндей болады.

  • Егер көтере алмау тәуекелі болатын болса, көпұрықты жүктілік кезінде не істеу керек?

    Айтыңызшы, өтініш, егер көтере алмау тәуекелі болатын болса, көпұрықты жүктілік кезінде не істеу керек?

    ҚРТ заманауи әдістері тек бір ғана эмбрионды көшіру кезінде ғана ЭКҰ-ның оң нәтижесіне жетуге мүмкіндік береді. Бірақ, егер болашақ ана екі немесе үш эмбрионды көшіруді қаласа және жүктілік туындаған кезде оны көтере алмау тәуекелі туындаса, селективті редукция әдісі бар, яғни, жатыр қуысынан эмбриондардың біреуі алынып тасталады. Аталған операция жүктіліктің 9-дан 12 аптасын қоса алғанға дейінгі аралық уақытында жүргізіледі.

  • Дәрігер ширықтыру сызбасын қалай таңдайды?

    Қайырлы күн! Мені келесі сұрақ қызықтырады: дәрігер ширықтыру сызбасын қалай таңдайды? Рахмет!

    Овуляцияны ширықтыру мен дәрілік заттар сызбасын дұрыс таңдау үшін маман ереже бойынша бедеулік себептері туралы деректерді, овариалды резерв жағдайларын, гормондар деңгейін және егер бар болатын болса, бұрынғы ширықтыру нәтижелерін басшылыққа алады.

  • Ооциттерді жинауды қашан жүргізеді?

    Сәлеметсіз бе, ширықтыруы бар ЭКҰ кезінде ооциттерді қашан жүргізеді?

    Аналық жасушаларды (ооциеттер) жинауды овуляцияны ширықтыру үшін пайдаланылатын хорионды гонадторопинді енгізгеннен кейін 32-36 сағаттан кейін жүргізеді.

  • Ширықтыру уақытында депрессияға қарсы дәрі қолдануға болады ма?

    Ширықтыру уақытында депрессияға қарсы дәрі қолдануға болады ма?

    Ширықтыру уақытында депрессияға қарсы дәрі қолдануға ұсынылмайды. 

  • ЭКҰ процедурасы қаншалықты қауіпті?

    Сәлеметсіз бе, айтыңызшы, өтініш, әйелдер үшін ЭКҰ процедурасы қаншалықты қауіпті болуы мүмкін? Қандай асқынулар пайда болуы мүмкін?

    ЭКҰ процедурасы өмір үшін қауіпті емес. Бірақ, ЭКҰ-дан кейін асқынулар болуы мүмкін. Ең көп таралғаны – аналық жыныс безінің әсіре ширығуы, тәжірибеде ол барлық жағдайдың шамамен 3%-да кездеседі.

  • Жатыр түтікшелерін алып тастағаннан кейін ЭКҰ жасау мүмкін бе?

    Жатыр түтікшелерін алып тастағаннан кейін ЭКҰ жасау мүмкін бе?

    Жатыр түтікшелері жоқ кезде ЭКҰ көмегімен жүкті болу ытималдылығы жоғары. Сонымен қатар, жатыр түтікшелерінің тарылуы, жабысу процесі немесе ауыр қабыну процесі ЭКҰ процедурасы алдындағы оларды алып тастау көрсеткіштері ретінде де қызмет етеді.

  • Эмбриондарды көшіру ауыртатын процесс па?

    Эмбриондарды көшіру ауыртатын процесс па?

    Эмбриондарды көшіру кезінде ешқандай ауру сезімі болмайды, тіпті, көшіру кезінде ешқандай анестезия пайдаланылмайды.

  • Миома кезінде жүкті болу мүмкін бе?

    Миома кезінде жүкті болу мүмкін бе?

    Миома кезінде жүктіліктің туындауы мүмкін, барлығы өскіннің көлеміне байланысты.

  • Егер біз азаматтық некеде болатын болсақ, ЭКҰ жасатуға болады ма?

    Сәлеметсіз бе! Егер біз азаматтық некеде болатын болсақ, ЭКҰ жасатуға болады ма? Қарым-қатынасымыз тіркелмеген.

    Қайырлы күн! Мүмкін, әрине. Неке куәлігі ЭКҰ бағдарламасына қатысу үшін міндетті құжат болып табылмайды.

  • Сіздерде жеңілдік немесе бөліп төлеу бар ма?

    Қайырлы күн, айтыңызшы, өтініш, біз ЭКҰ-ға ақша жинай алмай отырмыз, бірақ, сәбилі болғымыз келеді. Сіздерде жеңілдік жасалады ма немесе бөліп төлеуге болады ма?

    Қайырлы күні, әлбетте, бөліп төлеуге болады! Қазіргі кезде ЭКҰ бағдарламасына бөліп төлеуді енгізу жоспары әзірлік үстінде. Біздің жаңалықтар жіберілімімізге жазылыңыз, сол арқылы клиникамыздағы барлық акциялар мен жаңалықтар туралы біліп отыратын боласыз.

  • Мен жақында 50-ге толамын, менің аналық жасушаларыммен сіздердің клиникаларыңызда ЭКҰ жасау мүмкін бе?

    Мен жақында 50-ге толамын, менің аналық жасушаларыммен сіздердің клиникаларыңызда ЭКҰ жасау мүмкін бе?

    Қайырлы күн! Сіздің сұрағыңызға репродуктолог дәрігер жеке кеңес бергеннен кейін және жан-жақты зерттеу жүргізгеннен кейін ғана объективті жауап бере алады. Әр жағдайды біздің мамандарымыз жеке қарастырады. Клиникамызда Сізді көргеніміз үшін қуанышты боламыз.

  • Қалай донор болуға болады?

    Қалай донор болуға болады?

    Қайырлы күн! Біздің сайтымызда донордың сауалнамасын толтырыңыз, жақын уақытта Сізбен орталық үйлестірушілері хабарласады.

  • Здравствуйте, можно ли забеременеть при эндометриозе? Если нет, то что делать?

    Здравствуйте, можно ли забеременеть при эндометриозе? Если нет, то что делать?

    Добрый день! Современные методы лечения эндометриоза, применяемые в том числе и в нашей клинике, позволяют женщине забеременеть естественным путем. При тяжелых стадиях заболевания и неэффективности проводимого лечения рекомендовано применение вспомогательных репродуктивных технологий. 

  • Гормондық препараттарды қабылдамастан, табиғи циклде ЭКҰ жасауға болады ма?

    Сәлеметсіз бе! Айтыңызшы, өтініш, гормондық препараттарды қабылдамастан, табиғи циклде ЭКҰ жасауға болады ма?

    Иә, болады. Әдетте ТЦ ЭКҰ тағайындайды:

    • жоғары овариалдық резерві мен тұрақты циклі (егер жұптың бедеулік себебі еркектің факторынан болса) бар жас әйелдерге;
    • гормондық ширықтыруға қарамастан, тек 1-3 аналық жасушалары ғана алынатын егде әйелдерге;
    • «сәтсіз имплантациясы бар әйелдерге», яғни, дәстүрлі ЭКҰ кезінде жақсы эмбриондары бар, бірақ, имплантациясы сәтсіз болғандарға.
  • Можно ли стать донором, не имея детей?

    Можно ли стать донором, не имея детей? Но при этом, нет и не было никаких половых болезней, отсутствуют наследственные заболевания.

    Добрый день! Если речь идет о донорстве спермы, то отсутствие детей не явлется противопоказанием. Если же вы имеете ввиду донорство ооцитов, то одним из обязательных требований к донору является наличие здорового ребенка.

  • Срок хранения замороженных ооцитов

    Здравствуйте, скажите пожалуйста сколько лет может храниться замороженные ооциты.

    Для заморозки яйцеклеток используют небольшие пробирки (криовиалы), которые помещаются в специальные криоконтейнеры, наполненные жидким азотом, где они хранятся при температуре -196С. В таком состоянии срок хранения яйцеклеток ничем не ограничен. В медицине известны случаи хранения яйцеклеток более 13 лет.