Пн-Пт8:00-20:00
Сб8:00-17:00
ЭКҰ мектебі сіз бедеулік проблемалары туралы ең сенімді ақпарат ала алуыңыз үшін арнайы ұйымдастырылған.
Біздің дәрігерлеріміз егер сіз отбасын құруды енді ғана жоспарлап жүрген болсаңыз, сіздің ата-ана болу мүмкіндігіңіз туралы білу үшін қайда жүгіну керектігін, қандай зертханалық және диагностикалық зерттеулерден өту керектігін, бүгінгі күні бедеулікті емдеудің қандай әдістері барын айтады.
Біздің клиникадағы ЭКҰ мектебі – репродуктивті денсаулық туралы жан-жақты білудің бірегей мүмкіндігі. Кездесулер презентация форматында қайтарымсыз негізде жүргізіледі. Біздің дәрігерлеріміз диагностикалау мен емдеудің күрделі мәселелерін, бедеулікті емдеудегі қосалқы репродуктивті технологияларды түсінуге көмектеседі. Мамандар сізді толғандырған сұрақтардың барлығына жауап береді және ата-ана атану арманыңызға алғашқы қадам жасауға көмектеседі.
Кездесулер тұрақты негізде айына екі рет өткізіледі.