Пн-Пт8:00-20:00
Сб8:00-17:00
Медицина ғылымдарының кандидаты
1999 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университеттің емдеу факультетін үздік аяқтады.
1999 жылдан бастап 2000 жж. аралығында Алматы қ. жедел медициналық жәрдем ауруханасы мен №1 перзентхана базасында акушерлік және гинекология бойынша интернатурадан өтті. Акушер-гинеколог дәрігердің мамандығын алды.
2000-2003 жылдар аралығында Қазақ ғылыми-зерттеу онкология және радиология институтының онкогинекология бөлімшесі базасындағы аспирантурада білім алған.
2004 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу онкология және радиология институтында медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ала отырып, «Жатыр мойны патологиясын емдеудің заманауи қағидалары» тақырыбына диссертацияны сәтті қорғады.
2004- 2009 жж. – Алматы қ. №1 ҚКА, гинекология бөлімінде акушер-гинеколог дәрігері, Алматы қ. №7 ҚКА, шұғыл гинекология бөлімшесінде акушер-гинеколог дәрігер.
2010-2017 жж. – Репродуктивтік медицина институты, акушер-гинеколог дәрігері, жедел гинекология бөлімшесінің меңгерушісі.
2017 жылдың желтоқсанынан бастап - «PERSONA» Халықаралық репродуктологиялық клиникалық орталығында акушер-гинеколог дәрігері, репродуктолог.
Біліктілікті жоғарылату
2006 ж. – Әйелдер жыныс ағзаларындағы қатерлі ісіктерді диагностикалау және емдеу (АМДЖИ)
2008 ж. – Гинекологиядағы ультрадыбыстық диагностиканың өзекті сұрақтары (АМДЖИ)
2009 ж.– Гинекологиядағы эндовидеоскопиялық оталар (Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы, Астана қ.)
2012 ж. – Гинекологиядағы лапароскопия (Клермон-Ферран қ., Франция)
2015 ж. – Отбасыны жоспарлаудың заманауи қағидалары, контрацепция әдістері (АМДЖИ)
2017 ж. – «Гинекологиялық эндокринология» циклі (Акушерлік, Гинекология және Перинтология ғылыми орталығы, Алматы қ.)
2017 ж. – Сәулелік диагностика (ультрадыбыстық диагностика), Астана қ.