Локшин Вячеслав
Нотанович
  •  
PERSONA Халықаралық клиникалық репродуктология орталығының Директоры
Жалпы

Медициналық ғылымдар докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қазақстан репродуктивтік медицина Қауымдастығының президенті, Халықаралық репродуктология академиясының ректоры, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер Қауымдастығының президенті

 

  • Денсаулық сақтау саласындағы жалпы жұмыс өтілі - 40 жыл
  • 236 жарияланған жұмыстардың авторы, оның ішінде  әдістемелік ұсыныстар, 5 рационализаторлық ұсыныстар, өнертуындысына берілген 7 патент, 6 монография.
  • Медицина ғылымдарының 4 кандидатын және 1 докторын даярлады, Қазақстанда репродуктивті медицина саласында жұмыс істейтін тәжірибелік дәрігерлердің мектебін құрды.
  • Репродуктивті медицина саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысты.
  • «Репродуктивтік медицина» халықаралық ғылыми-тәжірибелік журналының бас редакторы, Ресейдегі («Акушерство и гинекология», «Проблемы репродукции», «Ремедиум», «Консилиум) және Қазақстандағы бірқатар медициналық журналдарының редакция алқасының мүшесі. 
  • ҚР ДСМ алқасының мүшесі (2007-2014 жж.), ҚР Үкіметі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі бағдарлы Кеңестің мүшесі (2005-2007 жж.), ҚР ДСМ және Алматы қ. Әкімдігі жанындағы Қоғамдық Кеңестің мүшесі, Алматы қ. МДСМ алқасының мүшесі (2015 жылдан бастап), ҚР ДСМ Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Бақылау Кеңесінің мүшесі, Акушерия, гинекология және перинатология Ғылым орталығының Бақылау кеңесінің мүшесі болып табылады.
  • ҚР ДСМ бірнеше Грамоталарымен, «Алтын дәрігер» таңбасымен, «Денсаулык сақтау қоскан үлесi үшiн», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медальдарымен, Алматы қ. Әкімінің Грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2013), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Самая лучшая клиника! Сочетание в работе научный знаний и внедрение их в практическую деятельность значительно увеличивают возможности женщин на приближение к долгожданному счастью. Не всегда организм готов к материнству, но врачи Персоны как волшебники стараются даже из казалось бы безвыходных ситуаций воплотить желание каждой будущей мамочки! Я желаю Вам процветания, развития и расширения! Я желаю чтобы у Вас были всегда возможности помочь каждой женщине!
Наталья