Кардиотокография (КТГ)
Сәби анасының құрсағында өзін қалай сезінетінін қалай білуге болады? Ол оттегі жетіспеушілігіне немесе басқа проблемеларға ұшыраған жоқ па? Сәбиге жайсыз екенінің бірінші мазасыздық белгілерін қалай өткізіп алмау керек?
Кардиотокография (КТГ) – ұрық жағдайын пренатальды диагностикалаудың ең бір ақпараттық және қауіпсіз әдістерінің бірі. Зерттеу негізіне Доплер әдісі жатады – ультрадыбысты датчик жатыр жиырылулары кезіндегі болашақ сәбидің жүрек жиырылуларының жиілігін (қозғалыстағы және тыныштық қалыпта) және сыртқы факторлар әсеріне жауабын тіркейді, ал, тензометрлік датчик жатыр жиырылуларының қарқындылығын бақылайды.
Жоғары ақпараттылығы, қауіпсіздігі мен зеттеуді жүргізу қарапайымдылығына қарай, КТГ әйелдер консультациялары мен босану үйлерінде кеңінен қолданылады. Бірақ, кардиотокография нәтижелерінің нақтылығы жабдық түрі мен класына байланысты.
Зерттеу сарапшылық класындағы жабдықта жүргізіледі: фетальды монитор Sonicaid FM 820 Encore жүрек қызметін (ЖҚЖ), 24-аптадан бастап, тұрақты туу қызметі дамығанға дейін жүктілік мерзімін есепке ала отырып, антенатальды КГТ автоматты талдауымен бір ұрықты және көп ұрықты жүктілік кезіндегі жатыр жиырылу қызметі мен ұрықтың қозғалыс белсенділігін тіркейді.
КТГ жүргізу гестацияның 32-аптасында, ал, ушыққан жүктілік кезінде 28-аптадан жүргізуге ұсыныс жасалады.