Суррогат ана

Суррогат ана ҚРТ барлық әдістемелерінің ең радикалды әдісі шығар. Егер әйелде объективті медициналық көрсетілімдері бойынша өздігінен ұрықтану, көтеру және туу мүмкіндігі болмаған жағдайда суррогат ана қызметтеріне жүгінеді.
Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының деректері бойынша (КАРМ) біздің елде суррогат ана бағдарламасы қосалқы репродуктивті технологияны (ҚРТ) пайдалану бағдарламасының жалпы санынан 3,1% қамтиды.

Суррогат ана жетістігі туралы алғашқыда 1980 жылы мәлімделді. Иллинойс  штатынан 37 жастағы Элизабет Кейн алғашқы суррогат ана болды. 

Суррогат ана көрсетілімдері болып табылады:

  • Жатырдың жоқтығы (туа біткен немесе жүре пайда болған);
  • Дамудың туа біткен ақаулығы кезінде немесе ауысқан ауру, ауқатсыз тігістер нәтижесінде жатыр қуысының немесе мойнының деформациясы;
  • Ашерман синдромы; гипоплазия эндометрия; гиперпластикалық үдерістер
  • Сапасы жақсы эмбриондарды ауыстыру кезінде ЭКҰ сәтсіз қайта әрекеттері;
  • Жүктіліктің соңына дейін жетуі қарсы көрсетім немесе мүмкін емес болуы кезінде жыныстан тыс және гениталдық патология.

Қазақстан Республикасында суррогат ана қызметі некеде тұрмаған әйелдерге және жалғыз басты ерлерге ұсынылмайды.

 

Біздің клиника сізге көмектеседі

Суррогат анаға ұсынылатын талаптар:

  • Суррогат ана болғысы келетін әйел 20 жастан 35 жасқа дейін болуы керек, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған қанағаттанарлық физикалық, психикалық және репродуктивті денсаулығы, сонымен қатар өзінің дені сау баласы болуы тиіс.
  • Егер суррогат ана шартын жасау кезінде суррогат ана тіркелген некеде (ерлі-зайыптылық) болған жағдайда нотариалды тәртіпте куәландырылған ерінің жазбаша келісімін тапсыру қажет.
  • Қосалқы репродуктивті әдістер мен технологияны қолданатын медициналық ұйым балалы болғысы келетін тұлғалардың немесе донорлық банктың осы биоматериалдары үшін пайдаланылғаны туралы толық және жеткілікті ақпаратпен оларды қолдану жөніндегі қорытынды шығаруға міндетті.