Урология и Андрология
Андрология дегеніміз не? Бұл урология саласы болып табылады. Егер урология несеп-жыныстың жүйелердің ауруларын зерттеу, анықтау және емдеумен жалпы айланысса, ал андрология аса «ерлер» мәселесін зерттейді.
Статистикаға сүйенсек, бедеулік жағдайлардың жартысында ерлер «кінәлі». PERSONA халықаралық клиникалық репродуктология орталығы ерлердің бедеулігін тиімді емдеуді жүргізеді, бұл көптеген жұптарға бақытта ата-ана атануға мүмкіндік береді.
Біздің орталықта «ерлер» ауруларын емдеудің ең заманауй әдістері қолданылады. Тәжірибелік мамандар қысқа мерзімде нақты диагноз қойып, сапалы терапия жүргізеді, сонымен қатар рецидивтің туындау қауіпін түсіру үшін алдын алудың тиімді шараларына үйретеді.
Біз өз жұмысымызда әр пациентке дараландырылған көзқарасты қолданамыз және бұл біздің басқа клиникалардан артық етеді. Біздің пациенттер емделу барысында ғана емес, сонымен қатар уролог-андрологтың бақылауында несеп-жыныстық жүйелер органдарының жұмысы мүмкіндігінше қалпына келуіне дейін барлық емдеу уақытында болады.
Біздің мамандар келесі мәселелерді шешуге көмектеседі:
- несеп-жыныстық жүйелердің (уретрит, простатит, цистит, везикулит, баланопостит, пиелонефрит және т.б.) ісіп қызару процессі
- жыныстық жолмен берілетін аурулар (оның ішінде жасырын індеттер)
- несеп-жыныстық жүйелер органдарының қатерсіз жаңадан пайда болуы (қуықасты безі аденомасы және т.б)
- ерлер бедеулігі
PERSONA орталығының жоғары білікті уролог-андрологтары ерлерге сапалы толық өмірді қайтаруға көмектседі.