Жүктілікті жүргізу
Жүктілік уақытында әр әйел сәбиінің дені сау болып тууы үшін акушер-гинекологтың қадағалауында болуы керек.
Сіз біздің клиникамызда жүктілікпен байланысты барлық қажетті тексерулерден өте аласыз. Біздің командамыз жүктілікті қолдау бойынша қызметтердің толық кешенін көрсетеді. Бағдарламаға барлық қажетті зертханалық-клиникалық талдаудар мен зерттеулер, акушер-гинекологтың, генетиктің, тар шеңберлі мамандар – терапевт, эндокринологтың кеңесі кіреді.
Клиникада ЭКҰ әдісінің көмегімен туындаған жүктілік пен жоғары тәуекелдегі жүктіліктерді қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.
Жүктілікті жүргізу бағдарламасы төменгі тексерулерден тұрады:
- Төменде келтірілетін тексеру көлемі
- 126 күнге 30 аптада бірыңғай жүктілік демалысын рәсімдеу үшін аурухана парақтарын беру
- Акушер-гинекологтың және басқа да мамандардың кеңестері
Тексеру көлемі:
- RW 2 реттік: есепке алған кезде; 30 аптада;
- АИТВ 2 реттік: есепке алған кезде; 30 аптада;
- Қан тобына және есепке алған кезде бір рет резус факторға;
- Есепке алған кезде бір рет В және С гепаттиттеріне қан алу;
- ЦМВ, ВПГ, хламидия, токсоплазмоз, листериоз, қызылшаға ИФТ үшін қан алу, хламидияға ПТР-ға жұғынды;
- Есепке алу кезінде бір рет (ауытқу анықталған жағдайда бақылау талдауы арқылы);
- Есепке алған кезде; 30 аптада биохимиялық талдау (Билирубин, АЛТ, АСТ, Несепнәра, Креатинин, Глюкоза, Темір, Жалпы ақуыз);
- Есепке алған кезде бір рет ТТГ гормондары мен Тестостерон;
- Бір рет 11-13 аптада биохимиялық генетикалық скрининг (екі еселенген тест РАРР-А және бета- ХГч);
- Жалпы несеп талдауы: 11 рет (дәрігерге әр келген сайын);
- Нечипоренко бойынша несеп 2 рет;
- Жалпы қан талдауы: есепке алу кезінде тромбоциеттері бар толық ЖҚТ, 20, 34-35 апталарда;
- Жағынды микроскопиясы: 2 рет;
- Есепке алу кезінде бір рет онкоцитологияға жағынды;
- 34-35 аптада бір рет антибиотиктерге сезімталдылық пен флораға жатыр қуысынан бактериологиялық отырғызу;
- Есепке алу кезінде бір рет антибиотиктерге сезімталдылық пен флораға жатыр қуысынан бактериологиялық отырғызу;
- 34-35 аптада бір реті коагулограмма мен гемостазиограмма;
- Д-димер 2 рет;
- ЭКГ – есепке алу кезінде бір рет;
- Есепке алу кезінде бір рет жатыр қуысының, бүйректердің және бүйрекүсті бездерінің УДЗ;
- Ұрық зерттеуінің УДЗ – 12-14 апта, 18-24 апта, 30 апта;
- Цервикометрия 4 рет;
- Ұрықжолдастың допплерометриясы 20 аптада; 34-35 аптада;
- Терапевт: 20 аптаға дейін және 30 аптада алу кезінде, қосымша тексерулер ақылы;
- Тар шеңбердегі мамандардың қараулары: Эндокринолог.
- Босануға психоалдын-алуға дайындық сабақтары.
Көрсеткіштері бойынша қосымша тексеру қажет болған жағдайда, қосымша төлем жасалады.
Біз сізге босану үйі мен босану кезінде білікті көмек көрсететін дәрігер таңдауға көмектесеміз.