Болашақ аналар мектебі

Жүктілік – әйел адамның өміріндегі толқынысты кезең. Баласын өмірге әкелгелі жүрген әйел қорқыныш пен уайымға салынуға бейім. Өкінішке орай, болашақ ананы бостан босқа уайымға салатын, болмаса, оның қырағылығын жоятын көптеген қарама-қайшы және сенімсіз ақпараттар өте көп. Сондықтан, ақпаратты өзі ісінің мамандарынан алу дұрыс болады.

Болашақ аналарға арналған мектеп – бейресми жағдайда мамандармен сөйлесіп, көкейдегі сұрақтарға жауап алуға болатын тамаша мүмкіндік. Біздің дәрігерлеріміз жүктілік туралы және осы кезеңдегі мінез-құлық әрекеттері туралы айтып береді және босануға дайындалуға көмектеседі.

 

Баланы дүниеге әкелуге отбасына психологиялық көмек мектебінің негізгі міндеттері:

  • Жүктілік кезеңі мен босануға байланысты психологиялық аспектілер туралы отбасын ақпараттандыру
  • Әйелдің босануға табиғи физиологиялық процесс ретінде қарым-қатынасын қалыптастыру
  • Жүктілік пен босану нәтижесіне деген әйелдің алаңдаушылық деңгейін төмендету
  • Болашақ ананы баласын төспен тамақтандыруға ынталандыру
  • Бала өмірінің бірінші жылында психофизикалық дамуы, тамақтандыру мен күту ерекшеліктері туралы ақпараттылығын арттыру
  • Отбасыішілік қарым-қатынасты нығайту

Біз сізге босанатын үй мен босану кезінде білікті көмек көрсететін дәрігерді дұрыс таңдауға көмектесеміз.

Сабат тақырыбы:

1-сабақ.  Жүктілікке байланысты әйел ағзасындағы өзгерістер:

  • Жүктіліктің 3-триместріндегі және босану кезіндегі әйел ағзасындағы физиологиялық өзгерістердің ерекшеліктері
  • Алдағы босану, ана болуға шешім қабылдаудағы алаңдаушылықтармен байланысты психологиялық проблемаларды анықтау
  • Жүктілік пен лактация уақытындағы әйелдің тағам мөлшері

2-сабақ. Жүктілік пен босану уақытындағы әйелдің психологиялық ерекшеліктері. Босанудан кейінгі психологиялық күйзелістер:

  • Жүктілік уақытындағы сәбимен өзара қарым-қатынасы
  • Толғақ, босану уақытындағы мінезқұлық ерекшеліктері
  • Ауырсынулардың алдын алу. Хатка йога техникаларын пайдалану арқылы бұлшықет релаксациясының тыныс алу жаттығулары. Төзімділікті арттыру үшін ресурстық жағдай жасау.
  • Арнайы гимнастика (15 минут)

3-сабақ. Босану. Босану кезіндегі аурсынудың пайда болуы мен басылуы:

  • «Кесар тілігі» операциясы жағдайындағы мінез-құлықпен таныстыру.
  • Наркоз, босандыру кезіндегі оның маңызы мен ерекшеліктері
  • Серіктесе босануды ұйымдастыру
  • Арнайы гимнастика (15 минут)

4-сабақ. Төспен тамақтандыру. Жүктілік және төспен тамақтандыру уақытындағы әйелдің тамақтануы:

  • Босану үйіне жиналу. Өзіңмен не алу керек?
  • Босануға байланысты жағымсыз ойлардан арылу. Өз ішіңдегі мазасыз күйді жеңу.
  • Төспен тамақтандыру ерекшеліктері. Дайындық.
  • Нәрестемен өзара қарым-қатынас ерекшеліктері.
  • Арнайы гимнастика (15 минут)

5-сабақ. Бала өмірінің алғашқы жылдары:

  • Баланы үйде қарсы алуға қалай дайындалу керек?
  • Баламен дербес қарым-қатынас
  • Баланың дүниеге келуімен байланысты дене мен өмір сүру салтындағы өзгерістерге бейімделу. Бұрынғы стереотиптердің бұзылуы
  • Арнайы гимнастика (15 минут)
Біздің клиника сізге көмектеседі

Сабақтың бағасы – 25 000 теңге

Сабақтар әр сәрсенбіде 14:30-дан 16:00-ге дейін болады.

ЖАЗЫЛУ ҮШІН БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:

+7 (727) 382 77 77

Мобильді тіркеу: +7 775 382 77 44