ЭКҰ (британдық ғалым Роберт Эдвардсонмен және Патрик Стептоймен әзірленген) әдісімен ұрықтанған бірінші бала жарыққа 1978 жылы пайда болды. Бүгінгі күнде әлемде экстракорпоральды ұрықтандыру көмегімен миллиондаған балалар дүниеге келді.
Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) – (латын тілінен extra — сырттан тыс және лат. corpus — дене, яғни денеден тыс ұрықтану) — бедеулік кезінде тиімді және өте жиі пайдаланылатын қосалқы репродуктивті технология әдісі. Ағылшын тілінде IVF (in vitro fertilisation) аббревиатурамен белгіленеді. ЭКҰ көмегімен алғашқы кезеңдерде эмбрионның ұрықталуы және дамуы әйелдердің табиғи ортасында барынша бейімделген арнайы ортада болады. Осы ҚРТ әдісі егер репродуктивті жүйенің жағдайы (еркектерде сияқты әйелдерде де) табиғи тәсілмен баланы ұрықтандыруға мүмкіндік бермесе, ал бедеулік себебі емдеуге берілмеген жағдайда ұсынылады.
Экстракорпоральды ұрықтандыру– жоғары білікті мамандарды, сонымен қатар мәселе диагностикасына және айлалы әрекет жүргізуге кешенді тәсілді талап ететін жоғары технологиялы және еңбек көп жұмсалатын үдеріс. ЭКҰ процедура жетістігі – бұл түрлі мамандандыру дәрігерлер командасының бірлескен жұмыс нәтижесі, сондықтан да таңдалған клиника түрлі мамандандырылған білікті дәрігерлермен штаттың толтырылуы маңызды.
Экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі бір немесе екі серіктестерінің репродуктивті жүйе қызметінің бұзушылығы, сонымен қатар әйелдер донорлық жасушаларды пайдаланумен жүкті болуды қалаған кезінде ойға қонымды.
ЭКҰ идиопатиялық бедеулік кезінде, яғни екеуінің де дендері сау болғандықтан жұптардың бедеулік себептері анықталмаған жағдайда қажет болады. Жүкті бола алмайтын себептер үйлеспеуі мүмкін, мұндай жағдайда бедеулік біріктірілген деп аталады.
Сондай-ақ ЭКҰ жалғыз басты әйелдер мен қыздар үшін үйлеседі, себебі донорлық шәует жасушалары мен аналық жасушаларды пайдалану болжанады. Некеде тұрмаған және жыныстық серіктестігі жоқ әйелдер ЭКҰ көмегімен ана бола алады.
Сіз қаңдай жағдайда болсаңыз да, біздің мамандар мәселені шешуге оңтайлы нұсқалар табады және сіз дені-сау баланы көтеру және дүниеге әкелу үшін бар күштерін салады. «түтіктен пайда болған» балалар табиғи ұрықтану салдарынан жарыққа келген балалардан еш айырмашылығының жоқтығын түсіну маңызды. Бұл факт осы саладағы көптеген зерттеулермен расталған.
Экстракорпоральды ұрықтандыру жүргізу мамандандырылған клиникада ғана ықтимал. Процедура бірнеше кезеңдерден тұрады:
Біздің клиника сізге көмектеседі
Қоңырауға тапсырыс беруPERSONA Халықаралық клиникалық репродуктология орталығы дүниежүзілік стандарттарға сәйкес жоғары деңгейде ЭКҰ процедурасын жүргізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықталған. Бірақ, процедураның басты қиындығы аналық жасушалардың ұрықтандыруда және оның орналасуында қорытындыланбайды, жүктілікті сақтаумен және әйел ағзасымен эмбрионның қабылдамауын алдын алу қажеттілігімен қорытындыланады. Сондықтан да біздің орталықта ЭКҰ процедурасынан өткен барлық пациенттер жүктіліктің 12 аптасына дейін өзінің репродуктолог-дәрігерінің қадағалауында болады.
Сонымен қатар, PERSONA орталығы жүктілік, соның ішінде жоғары қауіпті жүктілікті жүргізу бағдарламасын ұсынады.
Кез-келген процедурада өзіндік көрсеткіші және қарсы көрсетімі бар, ЭКҰ одан ерекше емес.
ЭКҰ қарсы көрсетімдері болып табылады:
Барлық қарсы көрсетімдер абсолютті емес екенін атап өту керек. Кейбіреулері салыстырмалы болып табылады және жүктілікті алу үшін жеткілікті жоғары мүмкіндіктер беріп, консерваторлық немесе хирургиялық емдеу үдерісінде жойылуы мүмкін. Біздің мамандардың көмегіне жүгінген бедеуліктің қиын жағдайы бар пациенттердің көп жартысы бақытты ата-аналар болды.
Дайындау кезеңі ЭКҰ маңызды сатыларының бірі болып табылады. Мұқият медициналық тексерулер хаттама сәттілігіне тікелей байланысты.
Лабораториялық және клиникалық зерттеулер ЭКҰ кезінде жүктіліктің басталуына кедергі келтіруі мүмкін негативті факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Толық зерттеу жүктіліктің соңына дейін жетпеу қауіпін, жүктіліктің асқынған ағымын, сонымен қатар болашақтағы балада генетикалық аурулардың пайда болу қауіпін азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, ЭКҰ бағдарламасы алдында толық зерттеу бірінші әрекетте оның сәтті болу мүмкіндігін арттырады. Пациенттер денсаулығының жағдайы туралы толық ақпарат дәрігерге дұрыс диагноз қоюға, емдеудің дұрыс бағдарламасын таңдауға және ықтимал асқынуларды азайтуға мүмкіндік жасайды.
Талдаулар тізімі емдеуші дәрігермен жеке тағайындалады, әдетте бұл бастапқы кеңес беру уақытында болады. Егер сізде ЭКҰ әрекеттер болса, бағдарламаны жүргізу туралы үзінді көшірмелермен, сонымен қатар бұрын жасалған операциялар туралы мамандардың қорытындыларымен таныстырыңыз.
көрсеткіштері бойынша:
Ерлерді ЭКҰ дайындау үшін негізгі талдау шәуетграмма болып табылады. Шәуетграмма нәтижесі нақты болуы үшін талдауға дейін бір апта ішінде спирттік ішімдіктерді тұтынбау, саунаға бармау және ыстық ванналарды қабылдамау, сонымен бірге зерттеуге дейін 2-5 тәулікте секстен тыйылу ұсынылады.
ЭКҰ үшін кейбір талдаулар мерзімі жеткілікті тез болады және тағайындалған уақытта дәрігердің қабылдауына бола алмаған жағдайда қайта зерттеу жасау керек болады.
ЭКҰ алдыңғы бағдарламасына психологиялық деңгейде дайындалған маңызды.
Оң ой-пікірлер мен эмоциялар жүктіліктің басталуы үшін қажетті аналық бездерде гормондардың өндірілуіне әсер ететін гипофиздің әуестік гормондарын өндіруге бас ми қабығын ынталандырады.
Біздің орталықта сіз жоғары білікті психологтан кеңес ала аласыз. Тәжірибелі маман дұрыс уәждемені қалыптастыруға және бұл жүктіліктің табиғи немесе ЭКҰ-хаттамасы екені байланысссыз ұрықтануды жоспарлау уақытында әйелдерге қажетті позитивті ойлауды құрауға көмектеседі.
ЭКҰ бағдарламасын жоспарлау кезінде репродуктолог-дәрігер әйелдердің жеке ерекшеліктерін ескереді. Емдеуші дәрігердің ұсыныстарын қатаң ұстау және өздігінен ұйғарымдарды өзгертпеу керек. Бір пациентке арналған ұсыныстар басқа пациент үшін қол жетімсіз болуын түсіну маңызды. ЭКҰ бағдарламасына дайындау үдерісінде емдеуші дәрігермен ғана туындаған мәселелерді талқылау қажет.
Жеке ерекшеліктерге сәйкес ЭКҰ түрлі хаттамалары қолданылуы мүмкін:
Бәрінен жиі хаттамалардың екі түрі қолданылады –ұзақ және қысқа мерзімді.
Ұзақ мерзімді хаттама кезінде сарыдене гормондарына (СД гормондары) басым болатын препараттар қолданылады. СД деңгейі ең аз мөлшерге дейін төмендегенде аналық бездерде фолликулдардың өсуін ынталандыру үшін препараттар қосылады. Бұл жағдайда аналық жасушаларды алу шамамен бір айдан соң іске асады.
Ұзақ мерзімді хаттама егер әйелде жақсы аналықбез қоры болса және аналық жасушалардың қажетті мөлшерін алу болжау мүмкіндігі бар болса пайдаланыла алады.
ЭКҰ ұзақ мерзімді хаттаманы қолдану лютеин фазасы деп аталатын етеккір циклінің 20-22 күнінен бастап басталады. Үдерісте репродуктолог-дәрігер кейбір препараттарды алып тастауға немесе өзгерту және оның мөлшерін өзгерте алады. Бұл ретте бірдей хаттамалар мен препараттардың бірдей мөлшерлемесі кезінде түрлі пациенттердің ағза реакциясы жеке болады. Сонымен қатар, дәрігер аналық жасушалардың сапасына әсер етпейтінін, ол тек тиісті өлшемдегі ооцит алуға қол жеткізетінін түсіну маңызды.
ЭКҰ ұзақ мерзімді хаттамасы өте сәтті болып саналады, себебі ол жүктіліктің басталу мүмкіндігін жоғарлатады.
Қысқа мерзімді хаттама орта шамамен 10 күнге созылады, ол пациент циклінің 4-5 күнінен бастап басталады. Бұл ретте хаттама түрінде әйелдің табиғи гормонды фонын барынша сақтайды. Бастапқыда мезгілсіз аналық жасушаның жетілуінің алдын алатын препараттарды, артынша аналық бездердің жұмыс істеуін ынталандыратын препараттарды пайдаланылады. ЭКҰ қысқа мерзімді хаттамасы егер ынталандыруда екі аналық бездер әсерін тигізсе, өте оңды болып табылады. Нәтижесінде одан әрі пайдаланылатын аналық жасушалардың көптеген мөлшері өндіріледі. ЭКҰ қысқа мерзімді хаттамасында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін қажеттілігіне қарай өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Табиғи цикл уақытында әйелдер ағзасында барлығы бір аналық жасуша дамытылады, екі аналық жасушаның дамуы – өте сирек жағдай. ЭКҰ ұзақ және қысқа мерзімді хаттамасы жасушалардың көптеген мөлшерін алуға және жүктіліктің басталу мүмкіндігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Хаттаманы таңдау – бұл репродуктолог-дәрігердің ғана міндеті. Ол пациенеттің денсаулық жағдайы, сонымен қатар оның ағза ерекшеліктері негізінде шешім қабылдайды.
Табиғи циклдегі экстракорпоральды ұрықтандыру (ТЦ ЭКҰ) — бұл дәрілік препараттармен ынталандырусыз, осы мерзімде әйел ағзасында табиғи жетілген аналық жасушалардың жасанды ұрықтану әдісі.
ТЦ-дегі ЭКҰ кімге ұсынылады:
Жеке жағдайларда ТЦ-де ЭКҰ жүргізу:
ТЦ-де ЭКҰ статистикасы
Статистикалық деректерге сәйкес ТЦ-де ЭКҰ басталған циклдердің шамамен 7% және пациенттің жатырына эмбрионды ауыстыру кезінде 16% жағдайында тиімді, яғни ТЦ-де ЭКҰ әдісінің бірінші әрекетімен ұрықтану ықтималдығы ынталандыру хаттамасына қарағанда едәуір төмен.
Ынталандырумен ЭКҰ
Аналық жасушаларды ынталандырумен экстракорпоральды ұрықтандыру қазіргі уақытта ҚРТ әдістемесімен өте өзекті және тиімді болып табылады. Бұл тәсіл жатыр түтіктерінің тарылуымен және жатырдың бірнеше ауруларымен, сонымен қатар гормондық бұзушылықтармен шартталған бедеулікті емдеу кезінде барынша нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ынталандыру бірден бірнеше аналық жасушалардың жетілуін іске қосады және ұрықтандыру мүмкіндігін едәуір жоғарлатады.
Ынталандыру үшін мамандандырылған гормондық препараттар қолданылады. Тиісті препаратты және оның мөлшерлемесін таңдау тексеру нәтижесі негізінде репродуктолог-дәрігермен жеке жүзеге асырылады.
Хаттама тиімділігіне бірнеше бірінші деңгейлі факторлар әсер етеді, олар:
Көбісі білікті маманға, сонымен бірге пациенттің өзіне байланысты. ЭКҰ жүргізуге, сонымен қатар эмбрион жатырға қондырылғаннан кейін бірнеше тәртіпті қадағалау өте маңызды. Бірінші кезекте күйзелістерге, қызынуларға және физикалық ауыр жүктемелерге жол бермеген дұрыс.
Бірақ, бұл жалғыз ғана факторлар емес. Процедура жетістігі тікелей байланысты:
Біздің орталықта ең қиын жағдайлардан бас тартпауға мүмкіндік беретін жоғары білікті және жұмыс тәжірибесі көп мамандар қызмет етеді.
Шаг 1 из 8
Дәрігер-репродуктологтың кеңесі- бұл ата-ана атану үлкен арманына апаратын алғашқы қадам.
Егер бір жыл бойы немесе 6 ай бойы тұрақты түрде қорғаныс әдістерін қолданбаған жыныстық қатынастан кейін жүктілік болмаса, егер айел жасы 35-тен асып кетсе, асыл уақытыңызды жоғалтпай репродуктолог қабылдауына жазылыңыз.
Өзіңізбен бірге барлық медициналық құжаттарды ала келіңіз (зерттеу нәтижелері, талдаулар және т.б.) бұл дәрігерге мәселені тез анықтауға және оның шешіміне кірісуге, ал сізге уақыт пен қаражат үнемдеуге көмектесуі мүмкін. Бұдан басқа бірінші қабылдауға ерлі-зайыптылардың бірге келгені де жөн.
Шаг 2 из 8
|
Репродуктологтың қабылдауынан кейін сізге қажетті клиника-зертханалық және диагностикалық зерттеулер кіретін тексеруден өту қажет. Бұл өз кезегінде дәрігерге серіктестердің репродуктивті жүйе функциясын объективті бағалауға, жүктіліктің басталуына кедергі болып тұрған оның ішінде ЭКҰ кезінде келеңсіз факторларды анықтауға, жүктіліктің соңына дейін жетпеуі, жүктіліктің қиындықды өтуі, сонымен қатар болашақ балада генетикалық аурулар туындау тәуекелдіктерін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа ЭКҰ бағдарламасы алдында толық тексеруден өткізу оның бірінші талпыныстан ақ сәтті болуын айтарлықтай жоғарылатады. Емделушінің денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат дәрігерге дұрыс емдеу бағдарламасын таңдауға және де асқыну мүмкіндігін төмендетуге жағдай жасайды. ЭКҰ үрдісіндегі сәттілік- бұл әрқашанда түрлі мамандықты дәрігерлер командасының ортақ жұмысының нәтижесі, сондықтан таңдалған клиника квалификациялы әртүрлі мамандықты дәрігерлермен жасақталған болуы өте маңызды. Біздің клиникамызда сіз белгілі-бір мамандардың кеңесін алып, барлық зертханалық талдаулар түрін тапсыруға және қажетті диагностикалық процедураларды сарапшылық кластағы құрылғыларда өте аласыз. |
Шаг 3 из 8
|
ЭКҰ-ға дайындық -үшінші және өте маңызды кезең. Дәрігер-репродуктолог зерттеулер нәтижесінің негізініде, сіздің ағзаңыздың барлық ерекшелігін ескере отырып, сіз үшін жеке дайындалу бағдарламасын құрастырады. Емдеуші дәрігердің ұсыныстарын айқын ұстану қажет және кеңесті өз бетінше өзгертуге болмайды. Біз әр емделушіміздің жүкті болып, көтеріп және дені сау бала дүниеге әкелуіне қамқорлық жасаймыз. |
Шаг 4 из 8
|
Дайындық кезеңі аяқталған соң, аналық жыныс жасушасы және шәует жасушаларын алу сәті басталады. Егер ер адам шауетін өз бетінше тапсырса, ал әйел адамға инемен тесу арқылы өту керек. Бұл процедура кішкене хирургиялық әрекет болып табылады және 30 минуттай уақыт алады. УДЗ бақылауында әйел жыныс жасушасы арқылы фулликулаға жіңішке ине енгізіледі, сол арқылы жыныс жаушаларын аспирациялау (жинау) жүргізіледі. процедура жалпы анестезиямен жүргізіледі, сондықтанда емделуші ешқандай жайсыздықты сезінбейді және 10-15 минутта өз-өзіне келеді. Ер адамның шәуетінде жыныс жасушалары болмаған жағдайда микрохирургиялық жолмен жыныс жасушаларын алу жүргізіледі. |
Шаг 5 из 8
|
Жасушалар жинаудан соң «түтікшеде» ұрықтандыру сәті басталады. Біздің клиникамызда экстрокорпоральды ұрықтандырудың толық спекторлы бағдарламасы жүргізіледі: ЭКҰ,ЭКҰ+ ИКСИ (оның ішінде ИМСИ, ПИКСИ), сонымен қатар егер маманмен ҚТР әдісі ұсынылған болса жатырішілік инсеминация. ЭКҰ табиғи циклда |
Шаг 6 из 8
|
Жыныс жасушасы ұрықтанғанан кейін, эмбрион алғашқы күндері дамитын қоректік ортаға орналастырылады. PERSONA орталығында біз эмбрионды бластоцистер кезеңіне дейін, ұзақ уақыттық өсуін (дамыту) жүргіземіз. Бластоциста – бұл дамудың 5-6 күніндегі эмбрион. Дәл осы мерзімде эмбрион күрделі жасушалық (200 жасуша) құрылымға ие және ең үлкен имплантациялық қасиетке жетеді. Бұл бірінші талпыныстан жүкті болуға және оның аман-есен өту мүмкіндігін арттырады. Эмбрионды өсіру кезінде, көрсеткіштер болса имплантация алды генетикалық диагностика (ИГД) жүргізіледі, ол баланың генетикалық ауытқулармен дүниеге келуін 98% төмендетеді. |
Шаг 7 из 8
|
Дамуының 5-6 күндері эмбрионды жатырға көшіреді. Осы кезеңде сіз бірден екі эмбрионды қатар енгізуге шешім қабылдай аласыз (қарсы келетін көрсеткіштер болмаған жағдайда) немесе эмбриондар жақсы көтеретін криоконсервация (мұздату) үрдісіне жүгіне аласыз. Эмбриондарды көшіру – мүлде ауырту туғызбайтын үрдіс, 1-2 минут уақыт алады сондықтан анестезияны қажет етпейді.
|
Шаг 8 из 8
|
Сонымен айтулы Х күн туады. Эмбриондарды көшірген соң 12-14 күнен кейін дәрігер қаның бета-ХГЧ талдамасын тасыруды белгілейді, оның жоғары көрсеткіші жүктіліктің басталғанын куәландыратын болады. 12 апта бойы сіз өзіңізді емдеуші дәрігеріңіздің қарауында боласыз, себебі ЭКҰ кезіндегі жүктілік алғашқы триместрде үнемі бақылауды, қажет болған жағдайда медикоментозды қолдауды қажет етеді. Алайда екінші триместрден бастап сіз өзіңізге ыңғайлы кез-келген әйелдер кеңесін таңдай аласыз. Біздің орталығымызда жүктілікті жүргізу, оның ішінде тәуекелдігі жоғары жүктілікті жүргізу бағдарламасы жұмыс жасайды. Бұл сізге жүктіліктің барлық кезеңінде, сіздің денсаулығыңыз туралы толық білетін мамандардың қарауында болуыңызға мүмкіндік береді. |