Ерлер бедеулігі

Шамамен барлық жағдайлардың 50% бедеулік ерлердің факторына байланысты, бірақ ерлер бедеулігі емдеуге көнеді.
Әйелдерге қарағанда, ерлерде ұрықтану қабілеттілігі қартайғанға дейін сақталады.

Бедеулік себептері басқа факторларға – шәует сапасына, шәует жасушаларының ағзада өндірілуіне және олардың кедергісіз сыртқа шығуына байланысты. Сондықтан да ерлерде бедеулікті негізгі емдеу жасына байланысты емес қаңдай да бір себептермен өте қиын деңгейге дейін төмендетілген шәует сапасын жақсартумен негізделеді.

Біздің клиника сізге көмектеседі

Ерлер бедеулігінің себебі неден болады?

Ерлерде бедеулік себептерін екі топқа бөлуге болады:

  • туа біткен патология;
  • жүре пайда болған ауру.

Ерлерде қаңдай аурулар мен ауытқулар ұрықтылық бұзушылығын шақыруы мүмкін (ұрықтану қабілетін):

  • балалық эпидемиялық паротит немесе шошқаборық;
  • ұмаға құрсақ қуысынан жалпы нормадан ауытқыдан атабездің түспеуі;
  • қант диабеті:
  • гормондық теңгерімсіздік;
  • генетикалық бұзушылық;
  • репродуктивті органдардың қатерсіз және қатерлі ісіктері;
  • жұқпалы үдерістер;
  • генетикалық бұзушылық.

Аурудан басқа, бедеулік осындай негативті факторлар салдарынан туындайды:

  • күйзеліс және шамадан тыс физикалық жүктемелер;
  • жағымсыз экологиялық жағдай;
  • радиациялық сәулелену;
  • темекі шегу және ішімдік қолдану.

Ерлер бедеулігі түрлі этиология себептерімен шартталғандықтан, оның емделуі әртүрлі болады. Бәрінен бұрын, контрацепция әдістерін қолданусыз жүйелі жыныстық өмірден бір жылдан көп жүктілік болмаған жағдайда пациентті толық диагностикалық тексеру қажет болады.

 

Шәуеттер сапасы неге нашарлайды?

Шәуеттің бір мл мөлшерінде шамамен 20 млн. тірі шәует жасушалары болады. Бірақ, түрлі факторлардың әсер етуінен бұл мөлшері азайтылуы немесе қалпы мөлшерде шәует жасушаларының белсенділігі төмендеуі мүмкін.

Жалпы алғанда, шәует сапасына мынадай шәует жасушаларының сапасы әсер етеді:

  • құрылымы (морфология);
  • қозғалыс;
  • мөлшері.

Ұрықтануға қабілеттілігін толық жоғалтқанға дейін шәует сапасының нашарлауының төрт негізгі түрлері бар:

  • шәуеттің азаюы – шәует сұйықтығында жылжымалы шәует жасушаларының мөлшерінің төмендеуімен көрсетіледі;
  • астеноспермия – шәует жасушаларының қалыпты мөлшерінің қозғалуы едәуір төмендеген;
  • тератоспермия – шәует жасушаларының мөлшері шама шегінде, бірақ олардың құрылымы бұзылған;
  • шәуетсіздік – шәует сұйықтығында ерлердің жыныстық жасушаларының толық болмауы.

 

Ерлер бедеулігінің диагностикасы

Ерлердің бедеулігін тиімді емдеу үшін олардың себептерін уақытында анықтау өте маңызды.
Анамнез және физикалық тексеруден басқа, шәует сапасын зерттеу үшін шәуетграммасын тапсыру міндетті шарт болып табылады. Шәует жасушаларын бағлаудың екі түрі бар – стандартты және дамыған. Стандарттыға шәуеттерді макро- және микроскопия белгілері бойынша бағалау жатады (түсі, тұтқырлығы, сұйылту және т.б.). Дамыған шәуетграмма өзіне бірнеше кезеңдерді қамтиды. Оларға:

  • ВОЗ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарымен қабылданған нормаларға сәйкес зерттеу;
  • өзіндік иммундық бедеулікті анықтауға бағытталған MAR-тест;
  • Крюгер бойынша морфологияны тереңнен тексеру.

Шәуетграммасын тапсыруға талдаудың объективті суреті үшін дайындалу керек. 5-7 күн ішінде қажет:

  • Қызынуды алып тастау (монша, сауна);
  • Сексуалдық қатынастарды және өзін өзі қанағаттандыруды болғызбау.

Мынадай зерттеулер қосымша жүргізілуі мүмкін:

  • гормондық статусқа қан талдауы;
  • жамбас органдарының УДЗ;
  • соз ауруларының қоздыруының бар болуына лабораториялық зерттеу;
  • иммундық талдау және т.б.

Ерлер бедеулігін емдеу әдістері

Ерлер бедеулігін негізгі тиімді емдеу үш бағытта бөлінеді:

  • түбегейлі, хирургиялық;
  • дәрі-дәрмекті;
  • қосалқы репродуктивті әдістемелерді (ҚРТ) пайдаланумен баламалы

85 % жағдайда ерлердің бедеулігімен ҚРТ көмегімен ғана күресуге болады.

PERSONA халықаралық клиникалық репродуктология орталығында ерлер бедеулігінің емдеу және түзету инновациялық әдістемесі қолданылады, соның арқасында біздің барлық пациенттеріміз бақытты ата-ана болу мүмкіндігіне ие болады!